АРМАНДАР ОРЫНДАЛУДЫҢ
5 ҚҰПИЯСЫ
АНАРА БЕКЖІГІТ
Дұрыс армандаудың да өз қағидалары бар
Кішкентай кезде біз космосқа ұшуды,балерина болуды немесе бүкіл әлемді аралауды армандаймыз. Өскен сайын санамызда тыйымдар көбейіп, сенімсіздік пайда болып, үлкен армандарға шектеу қоямыз.

Бұл үлкен мәселе. Себебі: Шын мәнінде біз дұрыс армандауды білмейміз. Дұрыс армандаудың да өз қағидалары бар
1-қағида: Армандарды жазу
Айтуға оңай көрінгенмен, 90% адам орындамайды. Адамға келген ой 8 секунд ішінде жазып үлгермесе,ұшып кетеді. Ал енді қараңызшы қанша армандарымыз бізге ой болып келіп, ұшып кетіп жатыр. Мүмкін дәл сол ұшып кеткен арман өміріңді өзгертер еді?

Мысалы: 2016 жылы мен арман-тілектерімнің ішінде балалы болу деп жазған екенмін. Бірақ кейінірек деп, оны ұмытып кеткенмін. Көп ұзамай 3 бөпелі болдым. Кейіннен блакнотымды ашып қарасам, осы арманымның жазылғанын көріп, таң қалдым.
2-қағида: Арман шынайы болуы қажет
Шынайы армандар ғана орындалады. Біреуге көрсету үшін, инстаграмға салу үшін, мақтану үшін жасалған армандар орындалуы мүмкін, бірақ бақыт алып келмейді.

Мысалы: Мен өмір бойы арықтап келемін. Және де арасында менде өзімді қинап, тек дұрыс тамақтану деп грамм өлшеп кеткен кездер де болды. Бірақ, қалаған салмаққа жеткен кезде мен шынайы бақытты сезіне алмадым, себебі: ол менің шынайы емес, елге көрсету үшін жасалған арманым екенін білдім.

Маған дәл қазір біреу: Бір миллион доллар берем десе мен оған аса қатты қуанбауым мүмкін. Себебі: әр адамның шынайы арманы әртүрлі.

Біз қоғамның, достар, ата-анамыздың бізге сіңдіріп берген емес, шынайы ішімізден шыққан, ол арманды айтқанда көзіміз от болып жанып, жан тәнімізбен сол нәрседен рахат сезіне алатындай нәрсені армандауымыз қажет.
3-қағида: Арманның нақтылығы
Арманды нақтылап жазған сайын ол сол қалпы орындалады. Мысалы: Мен автокөлікті армандаған кезде оның жылын, түсін барлығын жаздым. Шын мәнінде, дәл ойлағанымдай орындалды.

Мен жаңа пәтерге көшкенде ішіндегі жиһаздардың түсі қалай болады, қай жерде не болады, тіпті вазаның қай жерде тұратынына дейін жаздым, қазір сол арманым ойлағандай орындалды.

Мен қандай адамдармен араласамын, қандай телефон ұстаймын, жақындарыммен қалай сөйлесемін,барлығы дәл өзім жазғандай орындалып жатыр.
Армандарды жазғанда негатив сөздерді қолданбаймыз
Мысалы:
Ауырып қалмау емес, денім сау болу деген сияқты.
ЕНТ-дан құлап қалмау/ ЕНТ-дан жоғары балл алу
Өмірде жалғыз қалмау емес Сүйіктіммен бақытты өмір сүру

Мысалы: Менің бір құрбым, жақсы жігітке тұрмысқа шығу,тек қана Шымкенттікі болмаса екен деп жазған. Сол арқылы өзі байқамай Шымкенттік жігіттің жары болып отыр. Демек, неден қашатынымызды емес, нені алғымыз келетінін жазамыз
Арманның орындалатын уақыты болуы қажет
Мысалы: Мен пәтер алуды армандаймын, бірақ оған ойша болса да уақыт қойғаным дұрыс, әйтпесе ол 20 жылдан соң орындалуы мүмкін.

Мен 20 маусым күні 60кг боламын деп жаздым. Кейін ол арманым есімнен шығып кеткен, таразыға тұрып, кейіннен қарасам дәл сол күні сол арманым орындалғанын көрдім.

Егер уақыт қойсаңыз ғажайыптардың арқасында арманыңыз сол күні немесе айы орындалғанын көріп таң қаласаыз.

Арман тікелей сізге қатысты болуы қажет
Көп марафон қатысушылары: балам қызыл диплои алсын, ата-анам Меккеге барсын деген сияқты армандар жазады. Бірақ ол өз сезіміңізбен жазылуы қажет.

Мысалы: Қызым ұлды болсын емес мен немере ұлы бар әжемін. Айырмашылық байқала ма?
Армандарға жіберу қажет
Арманыңызды жазып, енді бұл неге орындалмайды, қашан орындалады дей беретін болсаңыз ол арман алыстай береді.

Мысалы: Менің бір құрбым 6 жыл бойы бала көтеруді армандады. Депрессия болды, бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Кейіннен жарайды, Аллаһтың қалауы болар деп барлығын жіберген кезде ол арманына жетті.

Сондай-ақ мен қатты «Хабар» телернасында бір бағдарламаны жүргізгім келді. Кастингке қатысып, қашан, неге деп қатты күтіп едім, болмады. Демек, мен қатты сол нәрсеге қадалып алдым.
МАРАФОНҒА ТІРКЕЛІП, КЕРЕМЕТ
3 БОНУС АЛ!
ҚАТЫСУ ҚҰНЫ - 6 000 тг
Made on
Tilda