РУБРИКА "ЧАШКА КОФЕ"
Сентябрь 2018 года я посвятил себя небольшому челленджу, суть которого заключалась в том, чтобы каждый день выходить в прямой эфир в Инстаграм и делиться коротким, полезным, а главное практичным контентом для личностного роста. Каждая рубрика посвящена отдельной теме и переведена в формат аудио. Приятного прослушивания!
Программа "Цифровой Казахстан" на государственном языке
Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов
Вебшабуыл бойынша Қазақстан 6-шы орын, ал мобильді байланыс арқылы бопсалау көрсеткіштері бойынша 9-шы орында. Киберқауіпсіздікті сақтауға біз қаншалықты қауқарлымыз, осы мәселе техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбайдың сұхбатында.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған негізгі бағыттардың бірі - "Цифрлық кен орындары". Елімізде цифрлық кен орындары жобасы қалай жүзеге асырылып жатыр? "Цифрлық кеніш" ақпараттық жүйесінің жол картасы қалай жүзеге асырылады? Осы сауалдардың жауабы "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының Ақпараттық технологиялар департаменті директоры Азат Игенберлиннің сұхбатында.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Цифрлық Жібек жолы». Ауылдық елді мекендеріне кеңжолақты және қолжетімді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Бұл мақсаттар үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 200-ден астам ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда. Осы іс шараның арқасында 2,1 млн. астам адам жылдамдығы жоғары Интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі күні, жылдам интернетпен 122 қала және 1147 елдімекен қосылған. Салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Қайсар Салабаевтың сұхбаты.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған негізгі бағыттардың бірі - төлем экожүйесін дамыту. Бүгінде цифрлық технологияларды пайдалану бойынша Бас прокуратураның белсенділік танытып, жұмыс барысына небір жаңашылдықтарды енгізіп жатқанынан хабардармыз. Төлем экожүйесін дамыту қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін ұлғайтады, банкоматтарды біріктіру бағдарламасын құрып, төлемдерді нақты уақыт тәртібінде жүзеге асыруға көмектеседі. Бас прокуратурада қылмыстық процесс, әкімшілік іс секілді бағыттар бойынша IT жобаларды енгізу жұмысы туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов және Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау Кызметі басқармасының аға прокуроры Равиль Мәжитовтың сұхбаты.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.

Astana Digital Forum шарасынының аясында Leading Digital Business (Сандық бизнес) форумы өтті. Оның мән-мақсаты қандай? Кәсіпкерлер сандық технологиялар саласында қаншалықты тиімді жұмыс істеуде? Осы сауалдардың жауабы қазір әлемнің 20 мемлекетінде қолданысқа ие болған IT жобасын іске асырған қаржыгер, кәсіпкер - Дәурен Қазыбекұлының сұхбатында.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.

Экономикаға сандық технологияларды тарту көрсеткіштері бойынша Қазақстан әлем елдері арасында орта деңгейде. Дегенмен онлайн-сауда нарығы көрсеткіші төмен, ол бөлшек сауда нарығының небәрі 0,8% құрайды. Электронды сауда нарығын дамыту туралы "Самұрық Қазына" АҚ Жаңа бастамаларды іздеу департаментінің директоры Жанболат Кәкішев және "Қазпошта" АҚ E-сommerce бойынша атқарушы директоры Асқарбек Алшанбаевтың сұхбатында.

Жүргізуші: Ұлан Жармұхамедов.

Рубрика "Чашка кофе" на Atameken Business Channel
Интервью с моим участием
Я считаю себя достаточно открытым человеком, поэтому если вы хотите связаться со мной по любым вопросам, вот ссылки на мой инстаграм и телеграм. Милости прошу.
Made on
Tilda